Мессидің «Барселонамен» келісімшарт бойынша табысы - 500 млн-нан астам еуро

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аргентина футболшысы Лионель Месси Испанияның «Барселона» компаниясымен ағымдағы келісімшарт бойынша табатын табысы 500 млн-нан астам еуроны құрап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат El Mundo газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мессидің «Барселонамен» келісімшарт бойынша табысы - 500 млн-нан астам еуро

Дереккөздің мәліметінше, мерзімі жазда аяқталатын төртжылдық келісімшарт кезінде аргентиналық спортшы 555 млн еуро табыс табады. Соның ішінде, 115 млн еуро көтерме ақша ретінде, ал 78 млн еуро адалдығы үшін бонус түрінде төленген.

Месси 33 жаста, ол «Барселонаның» тәрбиеленушісі. Аргентиналық футболшы алты рет «Алтын доп» иегері атанған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ол Чемпиондар лигасының төрт дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Испанияның он дүркін чемпионы.