Мессидің бүйрегіне ота жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні «Барселона» ойыншысы Лионель Мессидің бүйрегіне ота жасалады, деп хабарлайды Sport.

Мессидің бүйрегіне ота жасалады

Басылымның айтуынша, футболшы жаттығуға келмеген, алайда ота күрделі емес көрінеді. Месси футбол алаңына 11 ақпан күні қайтып келіп, жаттығуын жалғастырады деп жоспарланған.