Мессидің добы жанкүйерді мертіктіре жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания чемпионатының 30-шы турында өнер көрсеткен «Барселона» мен «Вильяреал» командалары арасындағы ойында шабуылшы Лионель Мессидің қақпаға дәлдеген добы, қисық кетіп жанкүйер қызды мертіктіре жаздады, деп жазады lifenews.ru.
Доптың қатты тигені соншалық оған дәрігерлік жәрдем қажет болды.
Le Figaro сайтының хабарлауынша, соққының ауырлығынан қыз есінен танып қалған көрінеді.
Айта кетейік, бұл ойын 2:2 есебімен аяқталды.