Мессидің голы ұтысқа тігілген 350 мың долларды сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лионель Мессидің футболдан әлем чемпионаты кезiнде Иран құрамасына салған голы ұтысқа құмар ойыншыны банкротқа ұшыраудан сақтап қалды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Хабарламада айтылғандай, Лас-Вегастағы ойыншылардың бірі Аргентина құрамасының жеңісіне 350 мың доллар тіккен. Нәтижесінде, құрама жеңімпаз атанып, ол 30 мың еуро ұтты.
Айта кетейік, бүгiн футболдан әлем чемпионаты кезiнде Аргентина Иран құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрген болатын. Матчтағы жалғыз голды Лионель Месси салды.