Мессидің кубокпен түскен фотосы желіде рекордтық лайк жинады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Лионель Мессидің әлем чемпионаты кубогімен түскен фотосы Инстаграмда рекордтық лайк жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатарда өткен әлем біріншілігінің үздік ойыншысы, 35 жастағы Мессидің өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған суреті 56 млн астам лайк жинаған.

Бұдан бұрынғы рекорд 55,9 млн лайкы бар жұмыртқа суретіне тиесілі еді.

Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Л.Месси өз құрамасы сапында әлем чемпионы атанған болатын. Қатардағы додада Месси 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын пенальти сериясында Францияны жеңген Аргентинаның үшінші рет әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Лионель Месси Қатардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы болды.

«ПСЖ» клубы Килиан Мбаппені 300-350 млн еуроға сатуға дайын.


Әлеуметтік желіден алынған скрин
Соңғы жаңалықтар