«Мэтью» дауылы Ямайка, Гаити және Кубаға жақындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күні кеше Колумбиядағы ел-жұрттың есін шығарған «Мэтью» дауылы енді Ямайка, Гаити және Куба жағалауларына жақындап келеді.
Бұл туралы «Хабар 24» жазады.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, желдің жылдамдығы - сағатына 250 шақырым. Ол соңғы 9 жылдағы ең күшті дауыл деп бағалануда.
Табиғаттың тосын мінезінен келетін апаттың алдын алу мақсатында Гаити билігі қауіпті аймақтардағы тұрғындарды көшіріп жатыр. Ал кейбірі қосымша азық-түлік қорын жинап, баспанасын бекемдеуде. Елдегі төтенше жағдай қызметі тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті.
фото: sezon-dozhdej.ru