«Мэтью» дауылының салдарынан мерт болғандар саны 33-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мэтью» дауылының салдарынан мерт болғандар саны 33 адамға жетті, деп хабарлайды NBC телеарнасы.

«Мэтью» дауылының салдарынан мерт болғандар саны 33-ке жетті

Солтүстік Каролина штатында 14 адам мерт болды, 3 адам із-түзсіз жоғалғандардың есебінде. Адамдардың құрбан болу жағдайлары Джорджия, Флорида және Оңтүстік Каролина штаттарында тіркелген.

Осыған дейін мерт болған 21 адам туралы хабарланған болатын.

Айта кетейік, «Мэтью» дауылы Атлантика аймағында 2007 жылдан бері болып тұрған ең қуатты дауыл. Гаитиден кейін ол АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы штаттарына қарай бағыт алды.