Метапневмовирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті - СҚ-Фармация

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында метапневмовирустық инфекция жағдайлары анықталғанын хабарлады.

дәрі
Фото: Pixabay

Дерекке қарағанда, бұл – ондаған жылдар бойы әлемде таралған белгілі вирус. Ағымдағы эпидемиялық маусымда біздің елімізде оның үлесіне тұмаусыз вирустарға барлық оң сынамалардың 1,6%-ы тиесілі, мұны санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растаған.

Ал СҚ-Фармация қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар екенін хабарлады.

- Мысалы, антипиретикалық препараттар, кең спектрлі бактерияға қарсы препараттар, аралас бактерияға қарсы агенттер, селективті агонистер тобынан бронходилататорлар және басқалар. Аймақтық медициналық мекемелер жеке қорғаныс құралдарымен (маскалар, антисептиктер) қамтамасыз етілген.

Науқастар саны артқан және медициналық инфрақұрылымға жүктеме өскен жағдайда Бірыңғай дистрибьютор өңірлердің сұраныстарына жедел ден қоюға дайын, - деп жазды ведомстводан.

СҚ-Фармация ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп эпидемиологиялық жағдайды бақылауды жалғастыруда және азаматтардың денсаулығын қорғау үшін медициналық құралдармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге әзір.

Айта кетейік, бүгін СҚО-да төрт адамнан метапневмовирус анықталды.

Соңғы жаңалықтар