16:32, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Метеорит Күн жүйесінің жасын нақтылауға мүмкіндік берді
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Күн жүйесінің жасы нақтыланып, 2 миллион жылға «қартайды». Ғалымдардың жаңа есептеулері бойынша,
Күн жүйесінің жасы 4 миллиард 568 миллион 200 мың жылды құрап отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
2004 жылы Марокко аумағында табылған метеоритті егжей-тегжейлі зерттеп шыққан ғалымдар, Күн жүйесінің пайда болу мерзімін 2 миллион жылға әрі ысырып отыр.