02:11, 31 Мамыр 2016 | GMT +5
Метеориттен жасалған тапанша 4,5 миллион долларға сатылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Cabot Guns компаниясы жасы 4,6 млрд жылдық метеорит сынығынан жасалған әлемдегі ең қымбат М1911 маркілі екі тапаншаны сатуға шығарды, деп хабарлайды Guns.

Аспан денесі Жерге жарты миллион жыл бұрын құлаған, оның сынығы жақында ғана қару шығаратын компания зергерлерінің қолына тиген.
Шеберлер одан әрқайсысының құны 4,5 млн доллар тұратын екі тапанша жасады.
Аспан денесінің материалынан тапаншаның сырты ғана емес, ішікі тетіктері де жасалған. Метеориттің әдемі көрінуіне жер бетінде қайталау қиын видманштеттік қортпа құрылымы себепші.
Тапанша тексерілген, жақсы атылады. Олар - сатуда болған атыс қаруының ең қымбат түрі, деп жазады компания сайты.