Метеорологтар соңғы 136 жыл бойында наурыз айындағы ең жылы температура 2015 жылы тіркелгенін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылғы наурыздағы ауа райы 1880 жылдан бері қайталанбаған жылылықты көрсетті, делінген АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеу басқармасының баяндамасында.
«Бұл 1880 жылдан бастап 2015 жыл аралығы кезеңіндегі наурыз айында орын алған жаңа рекорд. Осылайша, ол 2010 жылы болған рекордты 0,05 градусқа басып озды», - делінген құжатта.
Осы жылы наурызда ғаламшардағы орташа температура 13,6 градусты құрады. Бұл ХХ ғасыр бойынша орташа көрсеткіштен 1,5 градусқа жоғары, деп хабарлады "Интерфакс".