Метеорологтар: Жапонияда үш күнде 388 жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік-батыстағы жапониялық Кюсю аралында соңғы үш күнде 388 жер сілкінісі болды, деп хабарлады ТАСС елдің ұлттық метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 41 адам ажал құшты. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақаттармен ауруханаларда жатыр.
Өткен түнде Кумамото префектурасында жауын қатты жауып, жел күшеюі салдарынан құтқару шараларын жүргізу қиын болды. Ұлттық қорғаныс сарбаздары, полиция және өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері үйінділердің астынан із-түзсіз жоғалған деп саналатындарды іздестіруде. Шараға қатысып жатқан құтқарушылардың саны бүгін 30 мыңға жетуі тиіс.
Жергілікті сейсмологтар жерасты дүмпулері ең кемі бір аптадай болады деп санайды. Елдің осы бөлігінде қуатты жер сілкінісі болуы мүмкіндігін ескертті.
Кумамото және Оита префектураларының 240 мыңнан астам тұрғыны арнайы орталықтарға, мектептер мен муниципалдық ғимараттарға орналастырылды. Кумамото префектурасында шамамен 80 мың үй жарықсыз қалды.
Фото:© AP Photo/Koji Ueda