Метрода әйел өз сөмкесін жеп қойды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласының метросында әйел адам өзінің сөмкесін жеп қойды. Кейін сөмкенің шоколадтан жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды segodnya.ua.
Сән үлгілерін көрсетуші қыз (модель) метроға отырып, жолаушылардың көзінше өзінің сөмкесін жей бастаған. Қасындағы жолсеріктер бастапқыда қыздың бұл «қылығына» мән бермей отырғанымен, оның тәбетінен қорықты ма, кейін қашқақтай бастайды. Осы сәтте модель қасындағы жігітке сөмкесінен дәм татуға ұсыныс жасайды. Сол кезде сөмкенің шоколадтан жасалғаны белгілі болды. Бір қызығы, әлгі әйелдің сөмке жеп отырғаны бейнекамераға түсіріліп, әлеуметтік желілерге салынған.
Аталмыш видео аспаздық курсының жарнамасы болып шықты. Алайда, мамандар жарнамаға қаншалықты креативті қарағанымен, ол YouTube желісінің көрермендерінің арасында аса танымал бола алмады. Себебі, үш тәулік ішінде аталған жарнама небәрі 38 мың рет қана тамашаланған екен.