Метрода жарылыс болды - бес адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Чили астанасы Сантьяго метрополитені стансаларының бірінде аса қуатты жарылыс болды. Оқыс оқиға салдарынан бес адам жарақаттанды, олардың бірінің жағдайы ауыр.

Метрода жарылыс болды - бес адам жараланды

Қазір зардап шеккендерге медициалық жәрдем көрсетілуде. Құтқарушылар станса аумағын қарауда, деп хабарлайды Agence France-Presse жергілікті билік орындарына сілтеме жасап. Әзірге жарылыс себептері белгісіз.