Метрода жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Санкт-Петербургте метродағы жарылыстан кейін ауруханаға 51 адам жеткізілді. Зардап шеккендердің тізімі ТХМ Санкт-Петербург бойынша ММ сайтында жарияланды.

Метрода жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны артты

Ведомство қаланың денсаулық сақтау комитетінің деректерін келтіреді. Тізімде берілген ақпарат 4 сәуірде мәскеу уақыты бойынша 03.00-дегі сәтте өзекті болды.

3 сәуірде Санкт-Петербургте метроның «Технологиялық институт» және «Сенная площадь»  стансалары арасындағы өткелде пойыз вагонында жарылыс болды. Артынша Ұлттық лаңкестікке қарсы комитет жарылғыш құрылғыны келесі - «Площадь Восстания» стансасында залалсыздандырғанын хабарлады. Жарылыс кезінде 11 адам ажал құшты.