Метродағы қанды оқиға көпшілікті күйзелтті
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Мәскеудегі жер асты жолында бақылау камерасына жазылып қалған бұл қылмыс Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушылардың жағасын ұстатты.
Қанды оқиға қалың жұртшылықтың талқысына түсіп, қызу пікірталасқа түрткі болды. Қылмыскерге дағыстандықтың қоңырқай жүзі ұнамаса керек, қойнына жасырған тапаншасын оның бетіне кезеп, атып салған.
«Мына сұмдық жанымды түршіктірді»,- деп жазыпты Ресейдегі қалыңдығына бармақшы болған блогерлердің бірі.
«Жолаушылардың көзінше метрода мұндай сұмдықтың қалай орын алғанына таңым бар»,- деп жазыпты мысырлық азамат. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.