Метрология туралы заңның 16-шы бабы орындалмай отыр

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Метрология туралы заңның 16-шы бабы орындалмай отыр. Бұл туралы бүгін техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту шараларына арналған кеңесте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанышев мәлім етті.
None
None

«Бізде метрология туралы жақсы заң бар. Дегенмен осы заңның 16-шы бабы салалық мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және ірі өндірістерде, метрологиялық қызметтің болуын талап етеді. Бұл бап орындалмай отыр. Соның салдарынан кадр жетіспеуде»,-деп атап өтті ол.

Осы орайда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов заң нормасы талабының орындалмауына кейістік танытты.

«Демек, заң нормасы түсініксіз жасалған. Заңның бұл нормасын орындамағаны үшін жауапкершілік жоқ. Яғни, сіздер заңды дұрыс жазбайсыздар. Жауапкершілікті көрсетпейсіздер. Жұмысты күшейтіңіздер. Несіне шағымданасыз. Нормативтік-құқықтық акті әзірлеп, бақылауды қатаңдатыңыздар. ҚР заңнамасы сақталмағаны үшін БАҚ-тарды, прокуратураны араластырыңыздар»,-деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, Премьер-Министр министрліктер мен ведомстволар кез келген проблеманы шешу үшін үкіметтік немесе президенттік деңгейге көтеруді әдетке айналдырып отырғандығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар