Мэтт Деймон «Марсианин» фильміндегі рөлі үшін «Алтын глобус» иегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мэтт Деймон «Марсианин» фильмінде Марк Уотни рөлін сомдағаны үшін Голливуд шетел баспасөзі қауымдастығының «комедиядағы үздік ер адам рөлі» номинациясында «Алтын глобус» наградасының иегері атанды.
Бұл санатқа сондай-ақ, Стив Карелл мен Кристиан Бэйл («Игра на понижение»), Аль Пачино («Второй шанс») және Марк Руффало («Бесконечно белый медведь») ұсынылған болатын.
Деймонның бұл жетінші номинациясы және «Алтын глобустағы» екінші жеңісі, деп хабарлады «РИА Новости».