Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сәуірде 15 күні Коннектикут штатында Мохеган-Сан ойын сауық орталығында Мейірім Нұрсұлтанов өзінің екінші кездесуін өткізеді.

Орта салмақ дәрежесінде өтетін 6 раундтық жекпе-жекте Мейірімге америкалық Обафеми Бакаре (3-1-0) қарсылас атанбақ. Америкалық боксшы осыдан бір жыл бұрын тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Ашкеевпен жолығып, ұпай санымен ұтылған болатын. Екінші рет тағы да қазақ боксшысына тап болып отыр.

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов өткен жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Генри Бекфордпен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар