Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың Астанада өтетін бокс кешіндегі қарсыласының кім екені анықталды, деп қабарлайды Қазақпарат тілшісі.
9 қыркүйек күні Астанада Нұрсұлтанов бразилиялық боксшы Исмаэль Буэномен жұдырықтасады. Буэномен қазірге дейін 21 кездесу өткізіп, оның 15-інде жеңіске жетсе, 6 кездесуде жеңілістің кермек дәмін татқан боксшы.
Ал отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокс шаршы алаңында 3 кездесу өткізіп, үшеуінде де қарсыластарын нокаутпен жеңді. Ол кәсіпқой боксқа кетпес бұрын елордалық «Астана арландары» клубы сапында өнер көрсетіп, 2014/15 маусымда WSB жобасының чемпионы атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек 9-қыркүйекте Астанада қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кукке қарсы бəсекесінің андеркартынада өтеді. Бұл күні ондай-ақ осы шарада көрермендер Жанқош Тұраров, Жəнібек Əлімханұлы, Али Ахмедов, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов жəне Нұрсұлтан Жанайбаев сынды мықты боксшылар шаршы алаңға шығатын болады.