«Мейірімділік керуені» жалпыұлттық акциясы басталады

Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында Елбасы Н.Назарбаев Ассамблея алдына жалпы еліміз бойынша өтіп жатқан қайырымдылық шараларын үйлестіру мәселесі бойынша тапсырма бергенін еске салды. Бұл бағытта Ассамблея «20 ізгі іс», «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», «Қамқор», «Асар» жобаларын жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
«Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет мейірімділік, ізгілік бағытында жұмыс істейтін мецанаттардың қамқорлығымен ізгі шаралар атқарып жатқан қорлардың басын қосып, ортақ сұхбат алаңына шақырып отырмыз. Бүгінгі съезд алғаш рет өткізілуде», - деді ол.
Оның айтуынша, Ассамблея таяуда ғана Елбасы қол қойған «Қамқорлық туралы» Заңның қоғамдық тұрғыда іске асырылуына өзінің басты мақсаты етіп отыр.
«Мейірімділік керуені» бүгін Астанадан бастау алып, Қазақстанның бүкіл өңірлерін аралайды. Қорытындысы келесы жылдың соңында елордада шығарылады», - деді Н.Ыдырысқызы.