Мейрам Қажыкен Жамбыл политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті
Кездесу сұхбат форматында өтті. Студенттер елдегі және әлемдегі қазіргі жағдай туралы үміткердің пікіріне қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, жас ұрпақ IT-саласының дамуына да қызығушылық танытты. Өйткені ол мемлекеттер арасындағы алшақтықты бұзып, үлкен мүмкіндіктер ашады. Студенттер бағаның өсуі мен инфляцияға алаңдаушылық білдірді. Бұл жұмыссыздық сияқты үлкен проблемаға әкеледі.
Сондай-ақ президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен еліміздің оңтүстік облыстарындағы сайлау алды үгіт аясында «Көкжиек-2030» Тараз сүт зауытына барды.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.