Мейрам Меңдібаев СҚО Айыртау ауданына әкім болып тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мейрам Меңдібаев Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды.

СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

Мейрам Меңдібаев 1971 жылы СҚО М.Жұмабаев ауданында туған.

Петропавл есеп-экономикалық техникумын «Техник-құрылысшы», Көкшетау университетін «Юриспруденция» және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін «Жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы СҚО бұрынғы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» кеңшарының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған.

Кейін Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi, Булаев қаласы әкiмi аппаратының бас маманы, СҚО жер ресурстарын басқару комитетiнiң бас маманы, М.Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлiмiнiң бастығы, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлiмi бастығының орынбасары, СҚО жер инспекциясы басқармасының басшысы болып еңбек етті.

2018-2021 жылдары Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi жер ресурстарын басқару комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауды, геодезиялық қызметтi мемлекеттiк бақылау басқармасының басшысы болды.

Осы тағайындауға дейін СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.

Бұған дейін СҚО бойынша экология департаментіне Талғат Сәбиевтің басшы болып тағайындалғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар