Мейрамбек Айнағұлов жартылай финалда ұтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –  Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында  Мейрамбек Айнағұлов жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мейрамбек Айнағұлов жартылай финалда ұтылды

60 келі салмақ санатында боз кілемге шыққан қазақ палуаны  бұған дейін Бразилия атынан сынға түсіп жүрген бұрынғы отандасымыз Марат Гариповты 2 минуттың ішінде жеңіп, ал ширек финалда хорваттық Иван Лизатовты 10-0 есебімен ұтқан болатын.  Ал жартылай жиналда Мейрамбек ресейлік әлем чемпионы Сергей Емелиннен 8-0 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен, Мейрамбек 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.

Бұған дейін 77 келіде Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленген болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатанды балуандар жүлделі орындармен қатар келесі жылы өтетін 2020 Токио олимпиадасына жолдамаларды да сарапқа салады. Астанада спортшыларға 108 Олимпиадалық жолдама үлестіріледі. Жолдама 1-ден 5-орынға ие болған балуандарға беріледі. Біріншілік 22 қыркүйекке дейін жалғасады.