Мейрамбек Бесбаев пен Сәуле Рахметова «Екі жұлдыз» теледуманының жеңімпаздары атанды

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Сан мыңдаған көрменді сенбі күні кешкісін көгілдір экран алдына жинаған «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфир арқылы «Екі жұлдыз» теледуманының ақтық байқауы өтті. 
None
None

 Қыркүйектің  24-інде басталып, көрерменнің көзайымына айналған бағдарламаның жеңімпаздары - қазылар алқасы мен көрермендердің берген дауыстардың нәтижесі бойынша Мейрамбек Бесбаев пен Сәуле Рахметова болды.

Жеңімпаздарды құттықтау рәсімде сөз сөйлеген телеарнаның басқарма төрағасы Жанай Омаров «Екі жұлдыз» жобасының ең үлкен, ең маңызды нәтижесі халықтың көңілінен шығып, халықтық сауық-думанға айналғандығы екендігін атап өтті.

«Екі жұлдыз» жобасының жеңімпаздарын мен шын жүректен  құттықтаймын. Бірақ, бұл жобада ешкім жеңілген жоқ. Меніңше, осы жобаға қатысқан 16 жұп та жеңімпаз деп атауға лайық. 4 айға созылған жоба бүгін бітеді, дегенмен толығымен аяқталмайды. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы осы жобаны көрермендер өтініштері бойынша келер жылы да жалғастырады. Жаңа жылда жаңа таланттар қатарымызға қосылсын. Осы жобада біз тек қана 2 жұлдызды емес 32 жұлдызды жандырдық», деді өз сөзінде телеарна басшысы.

Теледуманға қатысқан жұптар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, бұл бағдарламаға Алмас Кішкенбаев,  Айгүл Иманбаева, Толқын Забирова, Мөлдір Әуелбекова, Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Ақжол Мейірбеков, Мейрамбек Бесбаев сынды өнер жұлдыздарымен қатар елімізге танымал Парламент депутаттары, театр, цирк майталмандары қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар