Мейрамхана иесі Обаманың келуінен кейін көз жұмды

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та мейрамхананың 70 жастағы иесі Джозефин Харрис оның мекемесіне ел президенті Барак Обаманың таңертеңгі асқа келуінен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Утро.ру.

Мейрамхана иесі Обаманың келуінен кейін көз жұмды

Харрис Огайо штатындағы Акрон қаласында орналасқан Ann's Place мекемесінің алдында Обаманы жеке қарсы алды. Президент екі жұмыртқадан тұратын уыздық, бекон, бидай нанынан пісірілген тосттарға және ұнтақталған жүгеріден жасалған ботқаға тапсырыс жасады. Асын ішіп болған Обама мейрамхана иесіне алғысын білдірді. Куәгерлердің айтуынша, әйел Президентті құшақтады. Оның сол кезде қатты абыржып тұрғаны атап өтіледі.

Бірнеше сағаттан кейін Харрис кеудесінің ауырғаны мен шаршағандығына шағымданды. Кейінірек ол жансақтау бөлімінде көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өліміне жүрек себеп ұстамасы болды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни Обаманың Харристің қызына телефонмен хабарласып, көңіл айтқанын хабарлады.

Б.Обама Акронға өзінің сайлауалды сапарының аясында барды.