Мейіржан Шермаханбет Олимпиада жолдамасына бір қадам жетпей сүрінді

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады.

Халықаралық турнирге грек-рим күресінен баратын қазақстандық балуандар анықталды
Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы

67 келіде ел намысын қорғаған отандасымыз жартылай финалда Мейіржан Шермаханбет жартылай финалда 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Киотаре Согабеге (Жапония) жол берді.

Енді 77 келі салмақтағы ұлттық құраманың тәжірибелі балуаны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, және аса ауыр салмақтағы (130 келі) Әлімхан Сыздықов Олимпиада жолдамасына таласады. 

Өкінішке қарай, 97 келі салмақтағы Олжас Сырлыбай алғашқы айналымда Жапония спортшысы Юри Наказатадан 1:2 есебімен есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Аталған турнирде жолдама тек финалға шыққан балуандарға беріледі. Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының 12 жолдамасы сарапқа салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар