06:27, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Мэйвезер Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты пікір айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы кіші Мэйвезер (49-0, 26 КО) Геннади Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» - GGG? Екеуінің қайсысы күшті, сол жеңсін. Мен «Канеломен» рингте кездесу мүмкіндігіне ие болдым. Ол менен басым түсе алмаса да, мықты боксшы болып қала береді. Головкин үшін бұл жекпе-жек шынымен де сәтті болама ол туралы нақты айта алмаймын, - дейді Мэйвезер Fighthype.com-ға берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, америкалық боксшы бұған дейін «Канело» Головкинді жеңеді деп пікір білдірген болатын.