Мэйвезер командасының өкілі Головкин қалайтын жекпе-жекті айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Mayweather Promotions атқарушы директоры Леонард Эллербе қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) кезекті айқасын кіммен өткізуі қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Мен Геннадий Головкиннің Джермалла Чарлоға қарсы шыққанын көргім келеді», - деп жазды Эллербе твиттерде.
Атап өтер болсақ, америкалық боксшы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) WBC бойынша Головкинмен кездесуге міндетті үміткер болып табылады.
Өзінің сәуірдегі соңғы жекпе-жегінде ол екінші раундта өзге америкалық кіші Уго Сентеноны (26-2, 14 КО) нокаутқа жіберіп жеңген еді. Геннадий де кеше Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) екінші раундта есінен тандырды.