Мейвезер Макгрегорды нокаутпен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор Макгрегорді техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде өткен жекпе-жек америкалық боксшының басымдығымен өтті. Кездесудің бас төрешісі 10 раундта жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Флойд Мейвезер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

12 дүркін әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Мейвезер аталмыш жекпе-жектен соң мансабын аяқтайтынын айтқан. Ал ирландиялық Конор МакГрегор Головкин - Канело жекпе-жегінің жеңімпазымен қолғап түйістіруі мүмкін. Бұл туралы ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедов тікелей эфирді жүргізу барысында айтты. 

Соңғы жаңалықтар