Мейвезер мен Пакьяоның жекпе-жегіне сатылатын VIP-билеттерінің құны 65 мың долларды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасында болатын жекпе-жекке сатылатын VIP-билеттерінің құны 65 мың долларды құрайды, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

Мейвезер мен Пакьяоның жекпе-жегіне сатылатын VIP-билеттерінің құны 65 мың долларды құрайды

«Әзірге кездесуге ресми түрде билет сату бастала қойған жоқ, дегенмен осынау бокс тарихындағы аса ерекше де маңызды оқиға болғалы тұрған жекпе-жекті өз көздерімен көруге ниеттенгендер арасында қызу талас-тартыс та басталған сыңайлы. Бұрындары VIP-билеттері түрлі жұлдыздарға тегін таратылатын. Бірақ бұл жекпе-жекке қаншама атақты жан болғанмен тегін кіре алайды. Ақпаратқа қарағанда, бір VIP-билеттің құны 65 мың доллар шамасында»,-делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, әлемдегі рейтингі ең жоғары екі боксшының арасындағы жекпе-жек 2 мамырда MGM Grand-та өтеді, деп жазады Vesti.kz.