Мэйвезер Пакьяоның қарымта қайтаруына келісімін берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Флойд Мэйуэзер филиппиндік Мэнни Пакьяоның қарымта қайтаруына келісімін берді. Бұл туралы Lenta.ru New York Daily News басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Мэйвезер Пакьяоның қарымта қайтаруына келісімін берді

Басылымның мәліметіне қарағанда, Мэйуэзер филиппиндік боксшы 2 мамырдағы Лас-Вегаста өткен жекпе-жекке даярлық кезінде иығынан алған жарақаты жазылғанша күте тұруға әзір. Пакьяоға таяудағы уақтытта ота жасалады. Одан кейін сауығуына 9-12 айдай уақыт қажет. Флойд пен Мэнни арасындағы сайыс 2016 жылғы мамыр немесе қыркүйек айында өтуі мүмкін.

Пакьяо жарақаты жайында Флойдпен жекпе-жекке дейін білген, бірақ та Невада штатының Алтлет комиссиясы үшін сауалнамада өзінің денсаулық жағдайын жасырған. Осы үшін филиппиндікке айыппұл түрінде жаза қолданылуы немесе оны біліктілігінен айыруы мүмкін.

Бұдан бұрын 38 жастағы кіші-Мэйуэзер осы жылғы қыркүйек айында өзінің соңғы ұрысын өткізіп, содан кейін 66,68 келіге дейінгі салмақ санатындағы барлық чемпиондық белбеулерінен (WBA, WBO, WBC) бас тартатыны жөнінде мәлімдеген болатын.

12 раундтық жекпе-жек сенбі күні, 2 мамырда Лас-Вегаста өтіп, ұпай санымен төрешілердің бірауыздан шешімімен американдықтың жеңісімен аяқталған болатын. Спортшылардың сыйақысы бокс тарихындағы ең ірі болды: Мэйуэзер 180 миллион доллар, Пакьяо - 120 миллион доллар алды.