МГМ Қазақстанның газ саласын дамыту тұжырымдамасын 2014 жылдың соңына дейін ұсынуды жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның газ саласын дамыту тұжырымдамасы 2014 жылдың соңына дейін әзірленеді, деп хабарлады бүгін ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

МГМ Қазақстанның газ саласын дамыту тұжырымдамасын 2014 жылдың соңына дейін ұсынуды жоспарлап отыр

Бұл туралы www.primeminister.kz сайты хабарлады.

«Халықаралық сарапшылардың болжамдарында ұзақ мерзімді перспективада газ саласын дамытудың жоғары перспективалылығы туралы, оның ішінде - 2030-2040 жылдары әлемдік энергия балансында мұнаймен салыстырмалы рөлге жету туралы айтылған. Осыған байланысты 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның газ саласын дамыту тұжырымдамасы жасалады», - деді Ұ. Қарабалин. Сонымен бірге, ол министрліктің тауарлық және сұйытылған газды көтерме өткізудің шекті бағаларын анықтау ережелеріне ұлттық оператордың маржиналдық жасаушыны ескермейтін формулаға қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізгенін атап өтті. «Жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттің басымдықты құқығы аясында тауарлық газды сатып алу бағалары 2014 жылдың соңына дейін сақталады», - деп толықтырды Ұ.Қарабалин.

Бұл шаралар баға қалыптастыру және тауарлық газға баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін реттеуге көмектеседі деп күтілуде. Бұдан өзге, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен әр өңір үшін газға бірыңғай көтерме сауда бағасын белгілеу бойынша Үкімет қаулысын келісуді жүргізуде.