«МИ-26» тікұшағымен қосымша құтқарушы мамандар мен арнайы техника Астанаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде көктемгі су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Осыған орай бүгін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі МИ-26 тікұшағы Астанаға қонып, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының құтқару қызметіне Алматыдан қосымша күш пен техника жеткізді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«МИ-26» тікұшағымен қосымша құтқарушы мамандар мен арнайы техника Астанаға жеткізілді

«Мақсат - су тасқыны кезінде еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріндегі құтқару топтарын күшейту», - дейді мамандар.

Әуе кемелері 19 құтқарушы, екі апаттық-құтқару автомобилі мен жүзу құралдарын жеткізген. Ең үлкен МИ-26 тікұшағының біреуі жолда Қарағанды қаласында қалған.

Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының жылынуына байланысты жалпы саны 1473 адам, 205 бірлік техника, 53 бірлік жүзу құралынан құрылған ҚР ІІМ ТЖ комитетінің күштері аталған аймақтарға жіберілген.