10:35, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
МИ-8 тікұшағы құлаған кезде қаза тапқан адамдардың мүрделері сот-медициналық сараптаманы өткізу үшін Талдықорған қаласына апарылады - ҚР Бас көлік прокуратурасы
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Бас көлік прокуратурасы Алматы облысында Ми-8 тікұшағы құлаған жерді қарауда, деп хабарлады БКП-ның баспасөз қызметінен.

Тергеу-жедел тобы сот-медициналық сарапшының қатысуымен тікұшақтың құлаған жері мен қаза тапқандардың мүрделерін қарауда.
Қарау аяқталған соң мүрделер сот-медициналық сараптама өткізу үшін Талдықорған қаласындағы ҚР ӘМ «Сот медицинасы орталығы» РМКК-ның филиалына апарылады.