МИ-823 тікұшағы екі күннен бері табылмай жатыр - Алматы облысы

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысында екінші күн МИ-823 тікұшағы іздестірілуде. Оның ішінде инженер, ұшуды бақылаушы, ұшқыш және борт механигінен құралған 8 адам болған,

МИ-823 тікұшағы екі күннен бері табылмай жатыр - Алматы облысы

 деп хабарлайды BAQ.KZ.

  Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанат Сембаевтың айтуынша, тікұшақ кеше таңертең Алакөл ауданындағы нөмірі 11-ші алаңынан аспанға көтерілген. Содан кейін байланысқа шықпаған. Жанат Сембаев «ЕуроАзияЭйр» АҚ Жезқазған бөлімшесіне қарасты тікұшақты «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден бақылау үшін жалға алғанын айтады. Әзірге тікұшақ табылған жоқ. Қараңғы түсіп кеткендіктен бүгінше іздестіру тоқтатылып, ертең қайта жалғастыру көзделіп отыр.