Microsoft әлемдегі ең бай қоғамдық компанияға айналды

Microsoft
Фото: Trend.az

Microsoft корпорациясы байлығы жөнінен жария компаниялар арасында Apple-ді басып озып, әлемде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Kazinform Trend.az-ға сілтеме жасап. 

Microsoft-тың капиталдандыруы 2,89 триллион долларға жетіп, Apple-дің 2,87 триллион долларынан асып түсті. 12 қаңтарда Microsoft акциялары 1%-ға қымбаттап, 388,47 долларды құрады, Apple акциялары 0,2%-ға қымбаттады. Бұл 2021 жылдың қарашасынан бері Microsoft корпорациясының Apple-ді құндылығы бойынша бірінші рет басып озуы. 

Сарапшылар Microsoft-тың қаржылық жетістігі жасанды интеллект (AI) стратегиясының айқынырақ болуымен байланысты екенін айтты. 

Apple акциялары 2023 жылдың желтоқсанында iPhone 15 сатылымының төмендеуіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты, сондай-ақ Қытай билігінің Apple смартфондарын мемлекеттік қызметкерлерге пайдалануға тыйым салу туралы шешіміне байланысты төмендей бастады. Бұл факторлар Apple-дің 2024 жылдың басынан бері нарықтық капиталдандырудан шамамен 162 миллиард доллар жоғалтуына әкелді.

Соңғы жаңалықтар