20:19, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Microsoft арзанқол компьютер жасап шығармақ
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Microsoft корпорациясы арзан дербес компьютерлер өндірісін қайта жандандырмақ.
Өндіруші серіктестерімен ынтымақтасу арқылы компания келесі жылы табыс деңгейі төмен отбасыларға арналған компьютер шығаруды жоспарлап отыр. Мұндай техниканың бағасы 250 доллардан аспайтын болады, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.
Microsoft 2012 жылы шығарамын деп отырған компьютерлері толығымен жаңа болады. Оған қоса оларға ОС Windows пен Office кеңсе жиынтығы, сонымен қатар басқа да білім беру бағдарламалары орнатылмақ.
Дербес компьютерлердің техникалық мінездемесі әзірге белгісіз. Microsoft серіктестерінің тізіміне қандай компаниялар кіретіндігі де құпия күйінде.