15:06, 25 Қаңтар 2009 | GMT +5
Microsoft бес мың қызметкерін жұмыстан босатпақ
МӘСКЕУ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат – Microsoft таяудағы жыл жарым уақыттың ішінде бес мың қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді, оның 1400-і қазірдің өзінде қысқартуға ұшырамақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Компанияның мәліметтеріне қарағанда, Microsoft 2008 жылдың соңғы үш айында 4,17 млрд. доллар таза табыс тапты, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11 пайыз аз және сарапшылардың күткенінен едәуір төмен болып отыр.Компания әлемдік дағдарысқа байланысты биылғы қаржылық жылда қанша табыс табатынын тап басып айта алмайды. Қызметкерлерді жұмыстан қысқарту туралы хабар жарияланғаннан кейін Microsoft акциялары 7,9 пайызға арзандап кетті. Бұл - Microsoft тарихындағы алғашқы жаппай қысқарту. Бұған дейін басқа кәсіпорындарды сатып алуға байланысты ішінара қысқартулар ғана болған.