Microsoft Билл Гейтстің отставкаға кеткенін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft компаниясы бүгін компанияның негізін қалаған Билл Гейтс директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Microsoft Билл Гейтстің отставкаға кеткенін жариялады

Бұдан кейін ол технологиялық мәселелер бойынша компания кеңесшісі болмақ. Оған қоса, директорлар кеңесінің мүшесі болып қала береді. Алып компанияны енді Сатья Наделла басқаратыны жарияланды. 46 жастағы Үндістан елінің тумасы «Майкрософтта» 22 жыл еңбек еткен. Соңғы жылдары бірқатар басшылық қызметтерді атқарған.