Microsoft «Евровидение-2015» мобильді қосымшасын жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Евровидение-2015» шоуының техникалық серіктесі Microsoft компаниясы биыл Австрияда өтетін үлкен музыкалық оқиғаның барысынан тәулігіне 24 сағат бойы хабардар болғысы келетіндер үшін мобильдік қосымшасын жасады.
Қосымшаның ресми тұсаукесері жақын уақытта өтеді, деп хабарланған еурошоу сайтында.
Cондай-ақ аталмыш компания шоуға атсалысатын барлық еріктілерді Lumia смартфондарымен, ал БАҚ өкілдерін Surface планшетімен және Xbox ноутбугімен қамтамасыз етеді. Жаңа қосымша аталған құрылғылардың бәріне орнатылады. Сондай-ақ Microsoft алдағы уақытта iOS, Android және Windows Phone үшін «екінші экран» әзірлеуді көздеп отыр.