Microsoft компаниясы бес мыңдай қызметкерін қысқартады

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат – Microsoft компаниясы алдағы жарты жылда бес мыңдай қызметкерді қысқарту туралы жоспарын жария етті, олардың 1400-і қазірден бастап қысқартылып отыр.
None
None
Компания мәліметтері бойынша, Microsoft 2008 жылдың соңғы үш айында 4,17 миллиард доллар көлемінде кіріс көрген. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 11 пайызға, жалпы алғанда, аналитиктер күткеннен әлдеқайда аз көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. Компаниядағылар, рыноктағы қазіргі белгісіз жағдайға байланысты, ағымдағы қаржы жылындағы өз табыстарын болжап айта алмайтынын айтуда. Адамдарды қысқарту туралы хабардан кейін Microsoft акциялары 7,9 пайызға құлдырап, Уолл-стриттегі индекстер көрсеткіштеріне теріс әсер етіп отыр.
Соңғы жаңалықтар