Microsoft компаниясы көздің көмегімен мәтінді теру жүйесін әзірледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft компаниясы «Eye-gaze» аталатын бағдарлама әзірледі, ол арқылы көздің көмегімен мәтін теруге болады, деп жазды БЕЛТА.
Мәтін жазу үшін қажетті әріпке қарау жеткілікті, компьютер өзі белгіні қабылдайды. Әзірлеушілер бұл технологияны арзан әрі қарапайым екенін айтуда.
Қосымша қарсы камера құрылғысына жұмыс істейді. Ол пайдаланушының көз қозғалысын бақылайды. Әзірлеушілер мұндай бағдарлама мүмкіндігі шектеулі адамдарға смартфон пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты.