Microsoft компаниясының табысы 7 пайызға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың сәуір-маусым айларында Microsoft табысы 7 пайызға, нақтырақ айтқанда 4,6 миллиард долларға дейін түсті. Алайда, 30 маусымда аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша компания кірісі 22 миллиард долларға көтерілген. Бұл туралы Microsoft-тың қаржы есебінде айтылды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Microsoft компаниясының табысы 7 пайызға төмендеді

Акциямен есептегендегі тоқсандық табыс 0,55 долларға дейін төмендесе, қаржы жылының қорытындысы бойынша 2 пайызға, яғни 2,63 долларға дейін өскен. Тоқсандағы табыстың азаюы Nokia мобильді құрылғылар мен қызмет көрсету бизнесін сатып алу шарттарының тоқтауына байланысты, делінген хабарламада.