Microsoft корпорациясы компьютерлік қауіпсіздіктің жыл сайынғы индексін жариялады

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Енді үйдегі және ұялы құрылғылардағы жеке мәліметті қорғауға үлкен күш салу қажет. Бұл туралы Microsoft корпорациясы биыл екінші жыл қатарынан өткізіп отырған Компьютерлік қауіпсіздік индексі (КҚИ) жаһандық сауалнамасында анықталды.
None
None

Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, бүкіл әлемдегі қолданушылардың жартысынан көбі (55%) сан алуан онлайн-қауіптерге тап болатынын және тек олардың 16%-ы ғана өзінің қауіпсіздігін қорғау үшін белсенді әрекеттер қабылдайды екен. Қолданушылардың жартысынан азы (42%) өздерінің дербес компьютерлеріндегі бағдарламалық қамсыздандыруын және тек 28 пайызы ғана ұялы құрылғыларындағы бағдарламалық қамсыздандыруын тұрақты түрде жаңартып тұрады. Яғни, қалған қолданушылар өздеріне төнген қауіптер санын осылайша бірнеше есе арттырып отыр.

«Дербес компьютерлерімізге қарағанда біздің ұялы құрылғыларымызда жиі аса маңызды ақпарат сақталатыны жасырын емес. Бұл көбіне біздің ұялы құрылғыларды қызмет бабымен қолданатынымызбен байланысты. Осының барлығы мәліметтерді ұрлау тұрғысынан алғанда, мұндай құрылғыларды аса тартымды ете түседі. Компьютерлік қауіпсіздік индексінің соңғы нәтижелері интернеттегі қауіпсіз әрекеттер дағдысының қаншалықты маңызды екенін көрнекі түрде көрсетіп отыр. Бүгінгі технологиялар онлайн-алаяқтық пен басқа да қылмыс түрлерінің құрбанына айналу қаупінен сақтайды. Әрбір адам өзін қорғаудың қолжетімді құралдарын қалай қолдану керектігін білуі қажет», - дейді Microsoft корпорациясының қызметкері Арыстан Жолдасбеков. Оның айтуынша, КҚИ 20 ел мен аймақтағы дербес компьютерлер, планшеттер мен смартфондардың 10 мыңнан аса қолданушыларынан алынған сауалнама нәтижесінде қалыптастырылды. Сауалнамаға жауап бергендердің 47 пайызын түрлі аккаунттердің парольдері мен ақпараттардың ұрлану қаупі толғандырады. Қолданушылардың 33 пайызы қауіпсіз веб-сайттарға кіретінін айтады, ал 28 пайызы қоғамдық орындардағы Wi-Fi желілеріне өздерінің ұялы құрылғыларын қосудан бас тартады екен. 48 пайызын өз компьютеріне вирус жұқтырып алу қаупі толғандырады, осы ретте қолданушылардың 53 пайызы вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатады. Ал жеке ақпараттың ұрлану қаупі сауалнамаға жауап бергендердің 45 пайызын толғандырады, алайда 34 пайызы ғана өздерінің ұялы телефондарына PIN-кодтар қояды. Қолданушылардың 38 пайызы ғана жеке мәліметтердің ұрлануын алдын алуға арналған соңғы әзірлемелерді игергенмін деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар