Microsoft өзінің алғашқы планшетін ұсынды

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Microsoft  басшысы Стив Балмер Лос-Анджелесте iPad-қа бәсекелес болуы тиіс компанияның алғашқы планшетін таныстырды.

Microsoft өзінің алғашқы планшетін ұсынды

Apple-дің өнімдері сияқты Surface планшетінің екі үлгісі Windows RT және Windows 8 Pro жеке операциялық жүйелер базасында жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Life News.
Ені 9,3 мм және салмағы 676 гр Windows RT жүйесі бар үлгінің диагоналі 10,6 дюйм немесе 26,9 см экраны бар. Планшетке сандық қаламсаптың көмегімен жазуға болады.
Екінші үлгінің де диагоналі 26,9 см, ал ені - 13,5 мм, салмағы - 903 гр.
Құрылғыға клавиатураның рөлін атқаратын Touch Cover және Touch Type магнитті мұқабасы қапталған. Surface үшін сондай-ақ фильм көруге ыңғайлы жартылай иілетін арнайы үйкек әзірленген.
Алғашқы үлгі АҚШ-та Windows 8 іске қосылған уақытта саудаға шығарылмақ. Ал екіншісі 90 күннен кейін қолжетімді болады.

bnews.kz