Microsoft пайдаланушыларын ескі операциялық жүйені Windows 10-ға жаңартуға мәжбүрлеп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft компаниясы 7 және 8 Windows пайдаланушыларын жаңа Windows 10 операциялық жүйесіне (ОЖ) қосу үшін талпынысын тоқтатар емес. Әуелі Windows 7 нұсқасын пайдаланатын дербес компьютер (ДК) мен ноутбук иелеріне компания жаңа Windows 10 нұсқасын қай жерде тегін жүктеп алуға болатыны айтылған хабарлама таратқан.

Microsoft пайдаланушыларын ескі операциялық жүйені Windows 10-ға жаңартуға мәжбүрлеп отыр

Алайда диалог терезесінде пайдаланушы осы операцияға келіскеннен кейін Windows 10-ға жаңартуды белгілі бір мерзім ішінде ғана орындай алатыны айтылады. Одан әрі пайдаланушыға «қазір жаңарту» немесе «түнде жаңарту» деген екі нұсқа ұсынылады. Бұл ретте «бас тарту» немесе «елемеу» деген опциялар жоқ. Тек оң жақ жоғарғы бұрыштағы қызыл белгіні басып қана терезені жаба аласыз. Мұнымен де құтылмайсың, терезе экранда қайта-қайта пайда бола береді.

Бұдан бұрын Windows-тың 7 және 8-нұсқаларының пайдаланушылары жаңартуды қабылдағаннан кейін хабарламасыз компьютерлерге оныншы нұсқаны орнату үшін талап етілген өте көп файлдар жүктеле бастағанын хабарланған. Бұдан басқа, бұл жаңартуда ДК иелері туралы деректерді жинайтын функция болған, деп хабарлайды planet-today.ru.