Microsoft пен Nokia альянс құрды
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Microsoft пен Nokia «ұялы телефондардың табыстылығын арттыру» мақсатында альянс құрғандарын мәлім етті, деп хабарлайды РСН агенттігі.
Қос компания Nokia смартфондарына арналған бағдарламалық қамтамасыз етулер саласындағы дизайн, жаңа шешімдер маркетингі бойынша ынтымақтастыққа «дереу» кірісіп отыр.
Атап айтқанда, Symbia операциялық жүйелі Nokia телефондарына Office қосымшаларын, басқа да бірқатар бизнес-қосымшалар орнату туралы сөз болып отыр.