Microsoft: Ресей хакерлері WADA компьютерлеріне шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей хакерлері ең кемінде 16 ұлттық және халықаралық спорт ұйымдарының, сонымен қатар допингке қарсы агенттіктердің компьютерлеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Microsoft компаниясына сілтеме жасап The New York Times жазады.

Microsoft: Ресей хакерлері WADA компьютерлеріне шабуыл жасады

Microsoft компаниясы өкілдерінің мәліметінше, ресейлік хакерлер WADA допинг-тест нәтижелері бойынша Ресей жаңа жазаға тартылуы мүмкін екенін хабарлағаннан бірнеше күн бұрын шабуылды бастаған.

Компания интернет-шабуылдарды Ресей қолдап отырған хакерлер тобы жасап жатқанын анықтаған. Microsoft кибершабуыл құрбандарын атамады. Дегенмен, кейбір талпыныстар сәтті жүзеге асырылғанын хабарлады.