Microsoft Skype қызметін жеті миллиард долларға сатып алмақ

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Microsoft корпорациясы Skype онлайн сөйлесу танымал қызметін сатып алуға дайындалуда.

Microsoft Skype қызметін жеті миллиард долларға сатып алмақ

Келісім құны 7 миллиард долларға бағаланып отыр, деп хабарлады Утро.ру.

Әзірше екі компанияның да өкілдері мәміле жасаған жоқ. Ресми емес ақпарат көздерінен белгілі болғаны, алдын ала келісімге 9 мамырда өткізілген келіссөздер барысында қол жеткізілді. Егер мәміле жасалып, келісім жүзеге асса, ол Microsoft тарихындағы ең ірі келісімдердің бірі болмақ.